|
|
|
Стивенэйдж
Стивенэйдж – Хартфордширдағы қала және округ, Англия. Стивенэйдждің ерекшелігі оның ерекше қалалық ландшафтында, оның ішіне айналмалы жолдар, аздаған бағдаршамдар, велодромдар желісі мен Ұлыбританиядағы ең биік көше жарықтандыру кіреді. Фэйрланд алқабы – қайықпен серуендеуге арналған көлдері бар кең саябақ аймағы. Қала жасыл желектер мен ағаш аллеяларына бай, сонымен қатар, қалың орманмен қоршалған.
Стивенэйдждің демалық орталығына Гордон Крейг театры және көптеген спорт мекемелері кіреді. Ең жақын демалыс саябағында көптеген кинотеатрлар, клубтар мен мейрамханалар бар. Негізгі дүкендер Квинсуэй және Вестгейт аудандарында орналасқан. Қаланың оңтүстік бөлігінде "Жылаған Мег" атты шағын саябақ орналасқан. Ол саябақ арқылы өтетін, қазірі кеуіп кетуге шақ өзеннің атымен аталған. 1999 жылы орталық алаңда мыңжылдық сағаттары құрылды. Олар 2000 жылға дейінгі уақытты көрсетеді.
Қаланың тұрғын алаңына жақын өнеркәсіп ауданы орналасқан. Көптеген жылдар бойы қаланың негізгі жұмыс берушісі Бритиш Аэроспэйс компаниясы болып келді, алайда, қазір бірінші орында GlaxoSmithKline фармацевтикалық компаниясы. Оның ірі фармацевтикалық лабораториясы бар. Astrium компаниясы ірі емес, бірақта айтарлықтай қызық фирма болып табылады. Ол ондаға жылдар бойы бас мердігер ретінде ғарыш кемелерін жасап, құрал-жабдықтармен жабдықтауда. Қалада орта және шағын бизнес кәсіпорындары көп.
Стивенэйдждің негізгі футбол тобы Боро ұлттық конференцияда ойын көрсетіп, Broadhall Way-да жаттығады. Қалада жыл сайын түрлі қызық іс-шаралар өткізіледі. Олардың ішінде Стивенэйдж қалалық шоуы (бұрындары Стивенэйдж күні), саябақтағы рок-концерт және Стивенэйдж карнавалы.
Бауырлас қалалар
Стивенэйдж Стивенэйдждің 4 бауырлас қалалары бар: Аутун (Франция), Ингельхельм (Алмания), Кадома (Зимбабве) және Шымкент (Қазақстан). Бірінші байланыс Ингельхельммен 1958 жылы, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі қарым-қатынасты жақсарту үшін оқушылар алмасу арқылы жүзеге асты. Ол кезде Ингельхельм Аутун қаласымен байланыс орнатып қойған еді. Сондықтан да, байланысты нығайту үшін, Стивенэйдж 1975 жылы француз қаласымен де серіктестік байланыс орнатты.
Стивенэйдж Кадома қаласымен байланыс 1989 жылы орналды, көптеген бірлескен жобаларды жүзеге асырды, оның ішінде Зимбабведен келген балаларды міндетті біліммен қамтамасыз ету үшін қаражат жинау да бар. Шымкентпен серіктестік байланыс 1990 жылы орнатылды. Ол кездері Шымкент КСРО құрамында болатын. Алайда, бір жыл өткеннен кейін, тәуелсіз Қазақстанның оңтүстік қаласы болды. Білім және мәдени байланыстар орнатылып, олар екі қала арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.
Стивенэйдж Интернетте
Негіздері: Wikipedia, Stevenage.gov.uk
|
|
|