|
|
|
Патайя
Паттайя – Тайландтағы ең танымад курорт десек те болады. Демалушыларға керекті ойын-сауық түрлерінің бәрі шоғырланған кәдімгі типтік курортты қала. Патайяның жағалау желегінің барлығын жағажайлар алып жатса да, шығанақтағы су айтарлықтай лайқа. Паттайяда орналасқан фешенебельді отель кешендерінің саны көп. Халық саны – шамамен 500 мың адам.
«Паттайя» сөзі - жаңбырлар маусымының алдында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай соққан жел дегенді білдіреді. Жақын өткен шақта Паттайя шығанақ жағалауында орналасқан шағын ғана ауыл болатын. 1961 жылы американдық солдаттардың жақсы көретін демалыс орнына айналғаннан кейін, осы «ұйқы үстіндегі» Паттайя дүниежүзілік маңызға ие курортқа айналып, жылсайын жүз мыңдаған туристтерді тартатын болды. Паттайядағы балықшылар лашықтары қысқа уақыт ішінде өте даңғаза салтанатты отельдермен және қонақтарға арналған қымбат емес үйлермен алмастырылды. Бұрындары тыныш болып келген Паттайя жағажайлары, демнің арасында дүниенің түпкір-түпкірінен келген демалушылардың шулы топтарымен толып кетті.
Күннің көзі мен су спорты түрлерін жақсы көретіндер үшін, шуақты Паттайя климаты теңізде жүзу үшін тамаша шарттар ұсынады, сонымен қатар, судағы ойын-сауықтың кез-келген түрлері сіздің құзырыңызға: балық аулау, яхтамен немесе катермен теңізге сапарға шығу, су мотоциклдары, парашютпен ұшу, виндсерфинг және су астында жүзу. Ал, судан қорқатындар үшін, Паттайя спортпен шұғылдану үшін жаттығу залдары мен клубтарын, және басқа да көптеген ойын-сауық түрлерін ұсынады: оқ ату, ралли, атқа міну, гольф, боулинг, теннис және т.б.
Дүкендерде базарлық жасауды ұнататындар үшін мұнда дайын киім-кешек, жібектер, кораллдар мен бақалшақтар, суреттер мен қол өнер өнімдері, асыл тастар мен зергерлік өнімдер таңдауы көптеп кездеседі. Паттайя өзінің тиімді бағаларымен атақты, ал, сатып алушыларға мұнда өте қатты қуанышты. Дәмді тағамды жақсы көретіндер үшін Паттайяда ақылға қонымды бағаға теңіз тағамының түрлі-түрлісін алуға болады, сонымен бірге, кез-келген ұлт тағамын табасыз: тай, қытай, жапон, кәріс, француз, итальян, неміс, скандинавия, мексика, үнді, америка, тіпт орыс тағамдары.
Паттайядан алыс емес жерде бірнеше қолтырауын, жолбарыс, піл фермалары орналасқан. Ол жерлерде осы жануарлардың қатысуымен күнде түрлі-түрлі шоу ұйымдастырылады. Тәп-тәуір океанариум бар. Мұнда Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең әдемі Орхидея саябағы (Нонг Нуч) бар. Ол жерде үлкен әрі әдемі ботаникалық бақ бар.
Паттайя – жанұямен бірге демалу үшін керемет жер, алайда, Паттайя түнгі өмірімен өз даңқын шығарған. Қараңғы түсуімен мұнда кез-келген ойын-сауық түрлерін табуға болады. Қалада айтарлықтай тарихи немесе сәулеттік көрнекті орындар жоқ. Тек Оңтүстік көшеде орналасқан Ват Чаймонкрон (Тағдыр Храмы) храмдық кешенін ғана атап өтуге болады.
Паттайя Интернетте
Негіздері: Wikipedia, Tailandia.ru, 282.ru
|
|
|