Мамыр 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

АЙТЫЛҒАН СӨЗ...  
"Бүгінде кез келген этностық немесе діни ұстанымдағы қазақстандық - өз елінің тең құқықты азаматы.
Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамып келе жатқан қазақ­стан­дық азаматтық қоғамның бірік­тіруші ядросы ретінде көрінуде.Бұл үдеріс объективті жүріп жатыр.
Мемлекеттік БАҚ-тардың 70 пайызы қазақ тілінде шығады.
Қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқитындардың саны 63 пайызды құрайды.
Біз 2020 жылға қарай барлық қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деген міндет қойып отырмыз.
Мемлекеттік тілді меңгеруге алдымен өз қандастарымыз мол үлес қосуы керек.
Еліміздегі он миллионнан астам қазақ түгел ана тілінде сөйлесе, байлықтың үлкені осы болар еді.
Бұл тіл баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын татулық тіліне айналуға тиіс!
Мен тіл туралы мәселе - саясат мәселесі емес екенін талай айтқанмын.
Саяси шешім баяғыда, Конституция мен тиісті заңдар
қабыл­дануымен алынған болатын.
Тіл туралы мәселе саяси сау­да­лаудың тақырыбы бола алмайды
". 
          ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚХА сессиясында сөйлеген сөзінен, Астана, 27 сәуір, 2012 жыл.







ҚР Үкіметінің ресми сайты

ҚР Электронды Үкіметінің ресми сайты

ҚР Президентінің ресми сайты





Измир


Измир, Турция Измир, Гомердің отаны және көне Смирна – Түркияның Анкара мен Ыстамбұлдан кейін үшінші қаласы, көлемі жағынан Ыстамбұлдан кейін екінші ірі теңіз порты. Измир – Эге аймағының ірі орталығы, өзінің қарбаласы мен шуына оралып жатқан миллионды қала, түрік дәстүрлері мен мегаполистердің заманауи мәдениетінің таңғажайып қосындысымен қызық. Эге теңізінің жағалауында осы бір таңғажайып әсем және көп қоныстанған қала орын тепкен. Измирдің географиялық орналасуы өте ыңғайлы – ол Ескендір Зұлқарнайн кезінде тұрғызылған тарихи Кадификале қамалы шарықтап тұрған төбенің етегінде орналасқан.

Қала заманауи сырт көрініске ие, себебі, ол 1922 жылы орын алған алапат өрттен кейін қайтадан құрылған болатын. Қазір ол ірі өнеркәсіпті мегаполис және Эге жағалаулары бойынша туристтік бағыттар үшін қолайлы орын болып табылады. Измир грек қаласы Смирнаның мұрагері болып табылады және б.д.д. үшінші мыңжылдықтан бастау алатын көне тарихы бар. Оның көшелері парсылар мен гректерді, римдықтар мен византиялықтарды көріп, дәуірлеу және құлдырау кезеңдерін басынан өткерді.

Измир, Турция Қаланың пайда болуы туралы аңыздар көп, алайда, негізін кім қалағандығы нақты белгілі емес: Зевстің баласы Тантал ма, Тэс па, әлде амазонкалардың ханшайымы Смирна ма. Бірақ бір нәрсені нақты айтуға болады – баяғыда Смирна сауда және мәдени орталық болған. Оның сол кездегі маңыздылығын Троямен салыстыруға болады. Измир - әлемнің түпкір-түпкірінен келген туристтердің танымал демалыс орны. Қала символы болып Конак алаңында орналасқан сағаты бар мұнара табылады. Әдемілігі көздің шұрайын алатын, Измир көшелерін бойлай өсіп тұрған пальма ағаштары қалаға ерекше сипат береді. Қала ғимараттары дәл тау террасаларында салынған.

Измир, Турция Измир – антикалық мәдениет заттарына бай көне қала. Конак алаңының жанында тамаша археологиялық мұражай орналасқан. Ол жерде Измирдің ескі тарихы сақталған. Сан-мыңдаған мейрамханалар, барлар, дәмханалар мен кафелер қала пейзажына ерекше реңк пен көңіл-күй қосады. Дүкендер мен базарларда әлемнің түпкір-түпкірінен әкелінген түрлі-түсті тауарлар лық толы. Экзотикалық Кемералты базарында түрлі-түрлі әшекейлік бұйымдарды, киім-кешек, антиквариат және басқа да адам естімеген тауарларды сатып алуға болады. Дәл осы жерде атышулы "Балчова Термаль" емдік курорты орналасқан.

Измир, Турция Измирдің аты кең тараған курорттық орталығы Илыджа – тамаша құмды жағажайымен және дәл жағалауда тұрғызылған халықаралық дәрежедегі "Алтын Юнус" туристтік кешенімен атақты. Шығанақ – су спорты түрлерімен, атап айтар болсақ, серфингпен, желкенді спортпен шұғылдану үшін тамаша орын. Термальды моншалар үлкен сұранысқа ие және олардың ең жақсалары Шифне шығанағында орналасқан. Паша Лиманы кемпингі – автотуризмді жақсы көретіндер үшін тамаша демалыс орны. Жыл сайын шілде айында Илыджа шығанағында Халықаралық яхта жарыстары өткізіледі. Илдыры – Чешмеден 20 шақырым қашықтықта, солтүстік-шығысында орналасқан тыныш, теңіз жағалауындағы ауыл. Кешке акропольға көтерілсеңіз, батып бара жатқан күн сәулелеріне шомған шығанақ пен аралдардың ғажайып келбеті сіздің жанарыңызға ұсынылады.

Измир, Турция Измир - «Эге теңізінің інжу-маржаны» деп аталатын қала. Қала пальма ағаштарының тізбеігмен қоршалып, оның шығанағы сан-түрлі саябақ өсімдіктерімен әсемделген. Измирдің климаты қоңыржай және әсем қонақ үйлер көп. Эге теңізінің мөлдір сулары шайып жатқан тамаша жағалаулары зәйтүн тоғайларымен, жартастармен және емен ормандарымен қоршалған. Қаланың өзі балықшылар гаваньдарымен, демалыс базаларымен және бес мың жылдық тарихқа қатысы бар көне өркениеттің қалдықтарымен танымал. Бұл облыс кездесулер, демалыс және конференциялар өткізу үшін ерекше орындарды ұсынады.

Измир Интернетте

Негіздері: Izmyr.info, Pro-Turkey.ru, Turkey2000.ru

 


:: Соңғы жаңалықтар
Шымкент қаласының әкiмдiгi сыртқы жарнама нарығын реттеуге кiрiстi
18 мам 2012 | Әбсаттар Әліп, "Шымкент келбеті"
Шымкент қаласы әкімдігінде облыстағы жолаушы тасымалдау мәселесі бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті
18 мам 2012 | Р.Қонарбекқызы,
Қалалық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясы өтті
17 мам 2012 | Р.Махымова, суретті түсірген А.Пірімқұлов.
Мектепті жөндеуге оқушылардан қаржы жиналмайды
16 мам 2012 | "otyrar-tv.kz", сурет аталған сайттан алынды
2011-2012 жылғы түлектер назарына!
15 мам 2012 | "ШК",


Шымкент қаласының әкімі 
Қайрат Құсейінұлы МОЛДАСЕИТОВ
Шымкент қаласының әкімі Қайрат Құсейінұлы МОЛДАСЕИТОВ












Толығырақ...



:: Сауалнама
Сіздіңше, полицейлерді аттестациядан өткізу ісі өз нәтижесін бере ме?
Иә, қоғамға жақындайтын жаңа полицияны құруға мүмкіндік береді
Жоқ, аттестация жүйені өзгертеді деп ойламаймын
Маған бәрібір
Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru Яндекс цитирования
Сайт әкімгерлігі
"ШК", "ПШ" газеттерінің" ЖШС
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы