Мамыр 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

АЙТЫЛҒАН СӨЗ...  
"Бүгінде кез келген этностық немесе діни ұстанымдағы қазақстандық - өз елінің тең құқықты азаматы.
Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамып келе жатқан қазақ­стан­дық азаматтық қоғамның бірік­тіруші ядросы ретінде көрінуде.Бұл үдеріс объективті жүріп жатыр.
Мемлекеттік БАҚ-тардың 70 пайызы қазақ тілінде шығады.
Қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқитындардың саны 63 пайызды құрайды.
Біз 2020 жылға қарай барлық қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деген міндет қойып отырмыз.
Мемлекеттік тілді меңгеруге алдымен өз қандастарымыз мол үлес қосуы керек.
Еліміздегі он миллионнан астам қазақ түгел ана тілінде сөйлесе, байлықтың үлкені осы болар еді.
Бұл тіл баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын татулық тіліне айналуға тиіс!
Мен тіл туралы мәселе - саясат мәселесі емес екенін талай айтқанмын.
Саяси шешім баяғыда, Конституция мен тиісті заңдар
қабыл­дануымен алынған болатын.
Тіл туралы мәселе саяси сау­да­лаудың тақырыбы бола алмайды
". 
          ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚХА сессиясында сөйлеген сөзінен, Астана, 27 сәуір, 2012 жыл.







ҚР Үкіметінің ресми сайты

ҚР Электронды Үкіметінің ресми сайты

ҚР Президентінің ресми сайты





Худжанд


Худжанд - Тәжікстаннның ең көне қаларының бірі, көлемі жағынан екінші үлкен қала, шамамен 2500 жыл бұрын, Ескендір Зұлқарнайн заманында негізі қаланған.

Қала тарихы

Худжанд, Ленинабад Грек тарихшыларына сүйенетін болсақ, біздің дәуірімізге дейін 329 жылы, Ескендір Зұлқарнайн Сырдария өзенінің жағасында бекіністі қамал тұрғызып, оны өз атымен атаған. Кейін келе, өзінің тиімді географиялық және стратегиялық орналасуының арқасында, қамалға тұрғындар тола бастады және сол кездегі өлшем бойынша ірі қалаға айналды. Тарихта Шеткі Александрия (Эсхата) деген атпен танымал болды. Осы көне қаланың дәл орналасу орны, бірнеше жүз жылдар бойы, әртүрлі елдердің ғалымдарын толғандырып келді. Тек ХХ ғасырдың ортасында ғана Худжандтың б.д.д. IV ғ. және Шеткі Александрияның (Эсхатаның) б.д.д. 329 жылғы екендігі анықталды.

Худжанд, Ленинабад Ферғана алқабында географиялық тұрғыдан тиімді орналаса отырып, Худжанд көптеген жылдар бойы гүлденді, байыді, сарайлар, мешіттер, мызғымас қамалдар тұрғызды. XIII ғасырда Худжандты Шыңғыс хан әскері басып алып, күл-талқан етті. XIV ғасыр соңында - XV ғасыр басында Худжанд, өз облысымен бірге, Темір мемлекетінің құрамында болды. XVIII-XIX ғасырларда Худжанд өте қатты ұлғайып, Орта Азияның ірі қалаларының біріне айналып, территориясы жағынан Қоқан мен Бұхараға дес бермеді. XIX ғ. соңы – XX ғ. басындағы Худжанд кәдімгі ортаазиялық қала ретінде болды: қисық әрі тар көшелер, оларды бойлай, бір-біріне жанаса тұрғызылған бақсадан соғылған үйлер, шулы базарлар мен сан-мыңдаған шағын шеберханалар.

Қазіргі Худжанд

Қазіргі таңда қала Тәжікстанның ірі индустриалды және мәдени орталығы болып табылады. Қазіргі Худжанд – жайлы әрі жасыл қала, саябақтары мен скверлері көп, тұрғындары қонақжайлы. Худжандтың қақ ортасынан өтетін Сырдария өзені және оның жайлы жағалаулары – демалыс және шомылу үшін керемет жер. Айтпақшы, Худжанд – ірі өзен бойында орналасқан Тәжікстандағы жалғыз қала.

Худжанд, Ленинабад Худжандтың негізгі көрнекті орындарының арасында – танымал Панчшанбе қалалық базары бар. Ол Орта Азиядағы ең ірі жабулы базарлардың бірі. Келушілерді өзінің сан құбылған реңктерімен, ерекше дыбыстар және иістерімен, жеміс-жидектердің сан-түрлігімен және көптігімен тартып тұрады. Панчшанбе тәжік тілінен аударғанда "бейсенбі" деген ұғым береді – баяғы заманда дәл осы күні үлкен сауда жасалатын болған.

Бүгінгі Худжанд – Солтүстік Тәжікстанның ең ірі индустриалды-өнеркәсіп орталығы және маңызы жағынан республикадағы екінші қала. Худжандтың географиялық орналасуы мен климаттық шарттары шынымен де берекелі. Сондықтанда, қала орналасқан Ферғана алқабы Орта Азияның інжу-маржаны деп аталады: таулы пейзаж, үнемі ағыс үстіндегі Сырдария сулары, таза ауа, жасыл желек, жүзімнің, жидектің және басқа да жемістің көптігі Худжандты мәңгі жас бақ-қала қылады.

Худжанд, Ленинабад Баяғы заманнан бері Худжанд Самарқан, Бұхара, Мерв, Балх және өзге қалалармен бірге, тәжік мәдениетінің қалыптасқан орны болған; ол Орта Азияның ірі экономикалық орталығының бірі болған. Біздің заманымызда да Худжанд өзінің даңқты дәстүрлерін жалғастыруда.

Худжанд Интернетте

Негіздері: Wikipedia, Tourism.tj

 


:: Соңғы жаңалықтар
Шымкент қаласының әкiмдiгi сыртқы жарнама нарығын реттеуге кiрiстi
18 мам 2012 | Әбсаттар Әліп, "Шымкент келбеті"
Шымкент қаласы әкімдігінде облыстағы жолаушы тасымалдау мәселесі бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті
18 мам 2012 | Р.Қонарбекқызы,
Қалалық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясы өтті
17 мам 2012 | Р.Махымова, суретті түсірген А.Пірімқұлов.
Мектепті жөндеуге оқушылардан қаржы жиналмайды
16 мам 2012 | "otyrar-tv.kz", сурет аталған сайттан алынды
2011-2012 жылғы түлектер назарына!
15 мам 2012 | "ШК",


Шымкент қаласының әкімі 
Қайрат Құсейінұлы МОЛДАСЕИТОВ
Шымкент қаласының әкімі Қайрат Құсейінұлы МОЛДАСЕИТОВ












Толығырақ...



:: Сауалнама
Сіздіңше, полицейлерді аттестациядан өткізу ісі өз нәтижесін бере ме?
Иә, қоғамға жақындайтын жаңа полицияны құруға мүмкіндік береді
Жоқ, аттестация жүйені өзгертеді деп ойламаймын
Маған бәрібір
Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru Яндекс цитирования
Сайт әкімгерлігі
"ШК", "ПШ" газеттерінің" ЖШС
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы