|
|
|
«ДАМУ-КӨМЕК» бағдарламасы аясында демеушілік көмек көрсетілді
Оңтүстік Қазақстан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында екі мүмкіндігі шектуелі азаматтарға демеушілік көмек көрсетілді

1.Тоимбетова Нигора, 1992 жылы туылған, 3-ші топ мүгедегі, Кентау қаласының тұрғыны. Үшінші разрядты тігінші оқуын бітерген, қазіргі таңда киім тігу қызметімен айналаспақ. Осы мақсатпен «Даму» Қорының Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық филиалына бір тігін машинасына өтінішін берген.
2.Досалы Шолпан, 1969 жылы туған, 3-ші топ мүгедегі, Ордабасы ауданының Темірлан аулының тұрғыны, тігін маманы. Қазіргі таңда Шолпан киім тігу қызметімен айналасады. «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында жаңа тігін машинасын алуға өтінішін білдірген.
Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматшаларға «Ernur-print» ЖШС «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында жаңа «Brother» тігін машиналарын сыйға табыс етті.
«Даму-Көмек» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен тұрғындарға олардың проблемалары мен оларға қажетті ресурстар (қаржылай көмек, мүлік, консультациялық қолдау, өзге қызметтер) туралы ақпарат дәрежесін арттыру жолымен қолдау көрсетуге мақсатталған.
«Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыратын жағдай жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмыс жасап жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейлерін арттыруға жәрдемдеседі.
Бүгінгі таңға бағдарлама аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша зағип жандардан жалпы келіп түскен өтініштер саны 83 құрайды, соның ішінде 35 қанағаттандырылған.
Негізі: Қ.ИСЛАМҚЫЗЫ, "Шымкент келбеті",22 ақп 2012
Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.
|
|
|
|