Ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29        

АЙТЫЛҒАН СӨЗ...  
"Жемқорлықпен күресте жаңа стратегия жасақтау қажет. Парақорларды анықтап, оларды сотқа тарту шараларымен шектелмей, жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді қолдану керек. Жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға қоғамды мейлінше көп тарту ләзім. Біз тек мемлекеттік қызметкерлердің кірісін ғана емес, шығыстарын да рәсімдеуге көшуіміз керек. Осы мәселеге байланысты арнайы заң шығару қажет және Үкіметке 3 айдың ішінде кешенді жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жасап шығуды тапсырамын. " 
            Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан. Астана, 27 қаңтар, 2012 жыл. 







ҚР Үкіметінің ресми сайты

ҚР Электронды Үкіметінің ресми сайты

ҚР Президентінің ресми сайты



Мемлекет басшысы Үкіметке 1 шілдеге дейін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасы жобасын даярлауды тапсырды


Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барасында Үкіметтің алдына осындай міндет қойды



«Біз жергілікті шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын қаперде ұстауымыз керек. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады», - деді Президент Н. Назарбаев.
  Сондай-ақ, Елбасы Үкіметке 3 айдың ішінде жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама жасап шығуды тапсырды. Елбасы биылғы халыққа Жолдауында Үкіметке 3 айдың ішінде жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама жасап шығуды тапсырды.
«Жемқорлықпен күресте жаңа стратегия жасақтау қажет. Парақорларды анықтап, оларды сотқа тарту шараларымен шектелмей, жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді қолдану керек. Жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға қоғамды мейлінше көп тарту ләзім», - деп атап көрсетті Президент бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
  Н.Назарбаевтың айтуынша, Үкімет аталмыш бағдарламаны жасау барысында басқа мемлекеттердің тәжірибесін кәдеге жаратып, жіті зерттеп және оны одан әрі жетілдіру  бағытында еңбек етуі тиіс.
 «Біз тек мемлекеттік қызметкерлердің кірісін ғана емес, шығыстарын да рәсімдеуге көшуіміз керек. Осы мәселеге байланысты арнайы заң шығару қажет және Үкіметке 3 айдың ішінде кешенді жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жасап шығуды тапсырамын», - деді Елбасы.      
   Елбасы Үкімет пен Президент Әкімшілігіне 2012 жылдың 1 жартыжылдығының соңына дейін президенттік кадрлық корпусына кандидаттар туралы ұсыныс дайындауды тапсырды
     Қазақстанда президенттік кадрлық корпусына кандидаттар әзірленеді. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламентінің бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті.
  2  1 ғасыр заманауи мемлекеттік басқаруда жоғары талаптарды қажет ететіндігін бас айтқан Н.Назарбаев: «Біздің басты мақсатымыз білікті саяси басқарушы санаттарын дайындау болып табылады. Үкімет пен Президент Әкімшілігіне 2012 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін президенттік кадрлық корпусына кандидаттар туралы ұсыныс дайындауды тапсырамын», - деді.
    Арнайы комиссия білімі, кәсібилігі және жоғары моральдық сапасы бойынша кандидаттарды іріктейтіндігін тілге тиек еткен Елбасының пайымынша, кадрлық корпусқа кірген кандидаттар біздің еліміздің жаңа басқарушы элитасының негізін қалайтын болады.



Негізі: ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/,27 қан 2012

Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.



:: Соңғы жаңалықтар
Әкім тегін өзгертті
22 ақп 2012 | Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«ДАМУ-КӨМЕК» бағдарламасы аясында демеушілік көмек көрсетілді
22 ақп 2012 | Қ.ИСЛАМҚЫЗЫ, "Шымкент келбеті"
Бадам өзенінен қауіп байқалмайды
22 ақп 2012 | Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ОҚО-ның Темірлан ауылындағы 350 үй судың астында қалды
22 ақп 2012 | ҚазАқпарат
Ежелгi Қалаға 2200 жыл толды ма?
21 ақп 2012 | "Оңтүстік Қазақстан" газетінің сайтынан алынды













Толығырақ...



:: Сауалнама
ҚР Президентінің халыққа арнаған биылғы Жолдауының орындалуынан не күтесіз?
Әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа көріністері
Зейнетақы жүйесіндегі өзгеріс
Қолжетімді баспаналы болу мүмкіндігі
Білім берудің заманауи әдістерін енгізу
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалылығы
Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru Яндекс цитирования
Сайт әкімгерлігі
"ШК", "ПШ" газеттерінің" ЖШС
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы