|
|
|
Н.Назарбаев: 2020 жылға қарай 1,5 млн. адамды сапалы жұмыспен қамтамасыз етуіміз қажет
Үкімет пен әкімдерге биылдан бастап еңбекпен қамту бағдарламасын ауқымды іске асыру тапсырылады. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті

Жаңа мақсаттар экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ экономикалық табыс пен қоғамдық игілікті қамтасыз ету арасында тиімді баланысты табу маңызды екеніне тоқталған Елбасы, «қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңафртудың негізгі мәселесі, бұл Қазақстанның алдағы 10 жылдағы дамуының басты векторы. Осы өзекті тақырыпқа мен Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жаңа Жолдауымды арнаймын»,-деп атап өтті.
«Біз 10 бағыт бойынша мақсаттар кешенін іске асыру қажетпіз. Біріншісі қазақстандықтардың еңбекпен қамтылуы»,-деді Президент.
Осы орайда Елбасы тапсырма бойынша Үкімет халықты еңбекпен қамтудың жаңа бағдарламасын бекіткенін еске салып өтті.
«2011 жылы ол 60 мың адамның қатысуымен ілкі режімде сынақтан өтті. Барша дайындық жұмыстар мен заңнамалық база іске асырылды. Енді осы маңызды бағдарламаны жүзеге асыруға көшу керек. Сондықтан Үкіметке, әкімдерге биылдан бастап осы бағдарламаны ауқымды іске асыруды тапсырамын. Біз бағдарламаның соңында, яғни 2020 жылға қарай 1,5 млн. адамды сапалы жұмыспен қамтамасыз етуміз қажет»,-деп Президент.
Негізі: БАҚ-kz порталынан алынды,,27 қан 2012
Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.
|
| (Шымкент) | 27.01.2012, 17:38:52 |
Бари бир АЛЛАНЫН колында.... | |
|
|
|