|
|
|
Жаңаөзендегі оқиғаны тергеу барысында әлеуметтік араздықты қоздырды деген айыппен қоғамдық ұйымдардың басшылары ұсталды
Бұл туралы ҚР Бас прокурорының 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде орын алған оқиғаға қатысты жасаған мәлімдемесінде айтылған

«Жекелеген тұлғалардың жұмыстан босатылған жұмысшыларды наразылық акцияларын жалғастыруға және билікке қатаң қарсы тұруға бейімдеу жөніндегі белсенді әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктердің себептерінің бірі болып табылады», - делінген хабарламада.
ҚР Бас прокурорының мәлімдемесіне сәйкес, сараптама жасау арқылы олар таратқан үгіт материалдардың мазмұнында әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар екендігі анықталды.
«Бұл факті бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодекстің 164 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғап, тергеуде», - деп көрсетілген мәлімдемеде.
«Тергеу шеңберінде әлеуметтік араздықты қоздыруға қатысты бар деген күдікпен «Алға» және «Халық майданы» тіркелмеген қоғамдық бірлестіктерінің басшылары мен белсенді мүшелері Козлов, Амирова, және Сапарғали ұсталды», - деп ескерілді құжатта.
Негізі: БАҚ-kz порталынан алынды,,26 қан 2012
Сіз осы жаңалыққа қатысты өз түсініктемеңізді немесе ойыңызды қалдыруыңызға болады. Ол үшін төмендегі сілтемені басыңыз.
|
|
|
|