|
||||
Спорт пен туризмШымкент қаласында 8 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. 2010 жылы қалалық спорт бөлімі 929 бұқаралық разрядшыларды, 133 бірінші разрядшыларды, 191 спорт шеберіне үміткерлерді, 20 спорт шеберін дайындады.Спорттың 29 түрінен 5028 балалар мен жасөспірімдер жаттығады. Қалалық спорт мектептерінде 11 Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, 32 жоғарғы санатты жаттықтырушы, 92 бірінші санатты жаттықтырушы, 10 екінші санатты жаттықтырушы, 4 ҚР Ұлттық дәрежедегі төреші, 2 Халықаралық дәрежедегі төреші қызмет етеді. Қала аумағында орналасқан 486 спорт ғимаратының жартысынан астамы ашық спорт кешендеріне кіреді. Жалпы алғанда, қаладағы спорт ғимараттардың 95 пайызы оқу орындарына қараса, олардың ішінде 2 спорт кешені ғана қалалық спорт мектептерінің балансында: олар №5 спорт мектебіне қарасты дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) және №3 спорт мектебінің ашық бассейн кешені. Қалалық 84 жалпы білім беру мектептерінде 73 спорт залы бар, қалған 11 мектепте қыс уақытында дене шынығумен айналысу мүмкіндігі жоқ.
2010 жылы 114 спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылып, іс-шараға 30,0 мыңнан астам адам қатысты. |
|
|||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||