|
|
|
Шымкент қаласы әкімінің қала аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы қаулысы
Шымкент қаласының аумағында
көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, ҚР 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, ішкі нарықты өніммен толықтыру және тұтыну бағаларды тұрақтандыру мақсатында, сондай-ақ Шымкент қаласының аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары 1,2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары А.Әліқұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялағаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А. Жетпісбаев
Шымкент қаласының аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерді сату үшін көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары
|
|
|