|
|
|
Құрылыс 2010 жылы Шымкент қаласына негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі – 55,9 млрд. теңгені құрайды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға өскенін көрсетеді. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 20,9 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен – 3,9 млрд. теңге, кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржысы есебінен – 29,2 млрд. теңге, шетелдік қаражаттар – 856,7 млн.теңге, қарыз қаражаттар – 1,1 млрд.теңгені құрады.
Инвестициялардың құрамында ауылшаруашылық саласына 2,6 есе, кен өндіру өнеркәсібіне 2,5 есе, электр және сумен қамтамасыз ету, газ және бу беру саласында 5 пайызға, көтерме және бөлшек саудаға 3,6 есеге, жылжымайтын мүлікпен операциялар 68,7 пайызға өсті.

Ал, құрылыс саласына 51,4 пайызға, ақпарат, байланыс, көлік және қоймалау 86,7 пайызға, қаржы саласы 21,8 пайызға, білім беру 19,8 пайызға, денсаулық сақтау саласында 3,5 пайызға кеміді.
2010 жылы қала бойынша 121,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 57,2 пайызға өскен. Оның ішінде халық қаржысы есебінен 13,6 мың шаршы метр. Барлық көздерден тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар 8 358,8 млн.теңгені құраған.
«2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының» шеңберінде 2010 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 698,0 млн. теңгеге "Нұрсәт" шағынауданында 17 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Ал, жергілікті бюджеттен реинвестиция есебінен 21 тұрғын үйдің құрылысына 185,6 млн. теңге бөлінді. Жалпы 2010 жылы 181 пәтерлі 9 тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде «Асар» шағынауданындағы 575 тұрғын үйдің құрылысына республикалық бюджеттен 5 104,1 млн. теңге бөлініп, 1-қабатты 230 тұрғын үй және 2-қабатты 345 тұрғын үй сатып алынды.
Алға қойған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың басты құралы бюджет. 2010 жылы бюджеттің кіріс көзін толық орындауға және шығындарын оптимизациялауға басты көңіл аударылды.
|
|
|