|
|
|
Көлік инфрақұрылымыКөлік инфрақұрылымы
2010 жылы Шымкент қаласында көлік инфрақұрылымын дамытуға барлығы 1 546,5 млн.теңге бағытталған. Оның ішінде республикалық бюджеттің есебінен Темірлан тас жолынан Жібек жолы көшесіне дейінгі Арғынбеков көшесінің құрылысына – 196,5 млн.теңге қаралып, бүгінгі таңда 9,3шақырым жол салынды. Сонымен қатар, «Нұрсәт» шағынауданындағы Көктем көшесінің құрылысына – 651,2 млн.теңге қаралып, 3,5 км жол салынды. Қалалық бюджеттің есебінен – 653,2 млн.теңгеге Рысқұлов көшесінен Арғынбеков көшесіне дейінгі Байтұрсынов, Рысқұлов көшесінен Арғынбеков көшесіне дейінгі Ерімбетов көшелерінің құрылыстары аяқталды. Ал, Рысқұлов көшесінен Алматы трасссына дейінгі Өтегенов көшесінің 2,94 км аяқталды.
Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Темірлан тас жолынан Самал-3 шағынауданына дейінгі Арғынбеков көшесінің, Самал-1,2 шағынаудандарындағы магистралдық және аудан ішілік жолдардың, Жангелдин көшесіндегі көпірдің құрылыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге – 45,7 млн.теңге бағытталды.
Жол жөндеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлығы – 2 437,8 млн.теңге бағытталды. Оның ішінде «Жол картасы» шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген 1 300,6 млн.теңгеге 128 км құрайтын 12 қала ішілік жолдар, 39 км құрайтын 18 ішкі орамдық жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жергілікті бюджеттің есебінен 129,5 млн.теңгеге 10,4 км құрайтын 11 ішкі орамдық жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жаңа шағынаудандардағы алаңы 173,0 мың м2 топырақ жолдарға қиыршық тас төселді. «Біздің аула» бағдарламасы шеңберінде алаңы 15,7 мың м2 құрайтын жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жол қауіпсіздігі шараларын жүргізуге - 333,4 млн.теңге бағытталды. Бұл қаржының 225,6 млн.теңгесіне жаңадан 22 бағдаршам нысандары орнатылды.
Көлік тығынын болдырмау мақсатында бюджет қаржысы есебінен 10 жерден автотұрақтар ұйымдастырылды. Ал, коммерциялық нысандардың есебінен 23 автотұрақтар ұйымдастырылды. Жол апаттарының алдын алу мақсатында 2010 жылы 316 жол белгілері орнатылды. Сонымен қатар, мектептердің алдындағы жолдарға 300 метр жасанды кедергі орнатылды, 9,6 мың м2 жол таңбалары сызылды.
ОҚО ІІД жол полициясы басқармасының және Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп, қала көшелерінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көлік қозғалысын реттеу іс – шара жоспары бекітілді. Нәтижесінде екі көшеде екі жақтама көлік қозғалысы ұйымдастырылды, 7 көше қиылыстарына бағдаршам нысандарына жұмыс циклына өзгеріс енгізілді, 5 көше қиылысындағы жол белгілері өзгертілді.
Шымкент қаласындағы автовокзалдар мен автобекеттер
Шымкент қаласындағы жолаушылар тасымалдаумен айналысатын мекемелер
|
|
|