АЙТЫЛҒАН СӨЗ... "Бүгінде кез келген этностық немесе діни ұстанымдағы қазақстандық - өз елінің тең құқықты азаматы.
Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамып келе жатқан қазақстандық азаматтық қоғамның біріктіруші ядросы ретінде көрінуде.Бұл үдеріс объективті жүріп жатыр.
Мемлекеттік БАҚ-тардың 70 пайызы қазақ тілінде шығады.
Қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқитындардың саны 63 пайызды құрайды.
Біз 2020 жылға қарай барлық қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деген міндет қойып отырмыз.
Мемлекеттік тілді меңгеруге алдымен өз қандастарымыз мол үлес қосуы керек.
Еліміздегі он миллионнан астам қазақ түгел ана тілінде сөйлесе, байлықтың үлкені осы болар еді.
Бұл тіл баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын татулық тіліне айналуға тиіс!
Мен тіл туралы мәселе - саясат мәселесі емес екенін талай айтқанмын.
Саяси шешім баяғыда, Конституция мен тиісті заңдар қабылдануымен алынған болатын.
Тіл туралы мәселе саяси саудалаудың тақырыбы бола алмайды". ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚХА сессиясында сөйлеген сөзінен, Астана, 27 сәуір, 2012 жыл.
Экономикалық саясат
Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2010 жылғы негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
2009 жыл
2010 жыл
2009 ж 2010 ж/ға %
Халық саны, мың адам
576,25
589,6
102,3
Өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемі, млн.теңге (өнім көлемінің индексі)
87 287,6
106,463,5
117
Ауыл шаруашылықтың жалпы өнім көлемі, млн.теңге
1 309,1
1 294,7
102,5
Негізгі капиталға инвестиция, млн.теңге
31 879
31 462,2
92,5
Іске қосылған тұрғын үй, мың ш. метр
42,1
20,8
49,5
Тіркелген шағын кәсіпкерлік нысандар, мың бірлік
34 623
48 029
138,7
Онда жұмыспен қамтылғандары, мың адам
44,4
56,4
127
Бөлшек сауда айналымының көлемі, млн.теңге
52 800,9
75 220,5
116,4
Автомобиль көлігімен тасылған жүк, мың тонна
26 754,3
29 214,0
109,2
Экономикалық белсенді халық саны, мың адам
262,2
268,4
102,3
Жұмыспен қамтылған халық саны, мың адам
238,7
247,9
103,8
Жұмыссыздар саны, мың адам
25,2
23,7
94,0
Жұмыссыздық деңгейі,%
9,0
7,7
15
Оның ішінде ресми тіркелген жұмыссыздар саны, адам
5 256
5 261
100,1
Кедейлік деңгейі, %
2,1
2,1
143,6
Орташа айлық жалақы, теңге (қаңтар-қыркүйек)
49 878
56 911
114,3
Өнеркәсіптің дамуы
Экономиканың нақты секторына келетін болсақ, қалада 67 - ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл өндіріс орындарында 13,0 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
2010 жылдың 10 айында 106,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 17,0 пайызға өсті.
Өнеркәсіп өнім көлем ішінде 85,0 пайызын өңдеу өнеркәсібінің өнімі құрайды. Есепті кезеңде өнім көлемі 90,1 млрд.теңгені құрап, 21,6 пайызға өсті.
Оның ішінде негізгілері:
- тамақ өнеркәсібінің өнім көлемі – 28,6 млрд.теңгені құрап, 5,7 пайызға өсті;
- жанар-жағар май өндірісі – 24,5 пайызға өсті;
- металлургия өндірісі – 87,1 пайызға өсті;
Өнеркәсіп өнім көлемінің өскенімен ішінде жекелеген өнім көлемі төмендеді.
Олар:
- құрылыс кірпіштері – 39,4 пайызға төмендеді;
- сабын өндірісі – 4,7 пайызға.
Қаламызда өздеріңіз білесіздер, 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы 5 жаңа кәсіпорын іске қосылды. Олар:
- Ағымдағы жылы «Азия керамик» ЖШС, «НІLL Corp» ЖШС, «Шымкент жүн өңдеу цехы» ЖШС, «Оңтүстік» (СЭЗ) Арнайы экономикалық аймақтың базасында «Охy-Textile» және «Хлопкопром целлюлоза» ЖШС-і іске қосылды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша «Ютекс-Kz» АҚ іске қосу жоспарлануда.
Жоғарыда атап өткен 5 жаңа кәсіпорындардың есебінен 800-ден астам жұмыс орындары ашылды.
Одан бөлек, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бұрынғы фосфор зауытының аймағында «индустриялық аймақ» құру жұмыстары жүргізілуде.
Кәсіпкерлерді ынталандыру үшін осы аймақты өз жобасын жүзеге асырытаны кәсіпкерлерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған
- электр, су, газбен қамтамасыз етуші мекемелермен негізгі тарифтен 25 пайызға төмендетіп беруге келісімге қол жеткізілді;
- жер учаскесі 1 шаршы метрін жалға алушыларға - 13 теңгеден, ал сатып алатын болса, 1 шаршы метрі – 860 теңгеден берілуде.
- жер учаскелерінің құжаттары 5 күннің ішінде рәсімделеді;
- жобаны жүзеге асыруға қатысты басқада құжаттар аймақтың дирекциясымен дайындалады;
- импорт арқылы алынған құрал-жабдықтарға 0-дік ставка бойынша кедендік алымдар қолданады.
Өздеріңізге белгілі қазіргі таңда аймақтың аумағын көріктендіріп, тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл аумақтың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын қалпына келтіру және жаңарту бойынша техника – экономикалық негіздеме әзірленді. Аумағы 337 га жерге инфрақұрылымының құрылысы үшін республикалық бюджеттен 552,9 млн. теңге бөлінді.
«Индустриалдық аймақ» дирекциясы құрылды. Осы аймақта жүзеге асыру үшін инвестициялық жобаларды талдау және іріктеу Кеңесі құрылып, бүгінгі күнге 13 жоба мақұлдады.
Жүзеге асырылатын 13 жобаның жалпы құны – 9 386,3 млн. теңгені құрайды, жаңадан 1375 жұмыс орындардың ашу жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы.
2010 жылдың 10 айына ауыл шаруашылық өнім көлемі 1,2 млрд.теңгені құрап, 2,5 пайызға өсті.
Атап кету қажет, қалада жылыжай шаруашылығы белсенді жүргізілуде.
Қазіргі таңда, 15 жылыжайлар бар, алаңы 32,0 ганы құрайды. Оның ішінде биылғы жылы жаңада 11 жылыжай іске қосылды, алаңы 27,0 га.
Кәсіпкерліктің дамуы
Жылдан-жылға кәсіпкерлік субъектілерінің саны өсіп келеді. 28 мыңнан астам белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілері бар. Жалпы кәсіпкерлік саласында 56 364 адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,9 пайызға өсті. Олардың қызметінен бюджетке есепті кезеңде 201,4 млн.теңге түсті.
Барлығыңызға белгілі, қазіргі таңда екінші деңгейлі банктер тарапынан кредит бөлу көлемі төмендеді. Өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда кредиттің көлемі 8,5 млрд.теңгеге азайын, биылғы жылы кәсіпкерлік саласын дамытуға 4,7 млрд.теңгені құрады.
Экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлік болғандықтан, мемлекеттің саясаты осы кәсіпкерлік саласын барынша дамытуға бағытталуда.
Қазіргі таңда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 83,6 млн.теңгеге 3 жоба қаржыландырылды («South Textіline» ЖШС, «Ынтымақ-777» ЖШС, «Алтын Дән» ЖШС).
Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ бірлескен жобасы – аймақтық кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Аталмыш орталық кәсіпкерлерге ақпараттық және консалтингтік қызметпен қамтып, тұрғындардың іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал жасайды.
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар
Қалада шетел инвестицияларын тарту мақсатында бірқатар ірі жобалар қолға алынуда. Индустриалық аймақта түркиялық «Polihas» ЖШС-гі - өндірістік қуаттылығы жылына 17 тонна қаптамалық материалдар өндірісін салуды жоспарлап отыр.
Бұл Қазақстанның ішкі нарығындағы қаптама өнімдеріне қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қаланың экологиялық мәселесін шешу және «Самал-3», «Достық», «Асар» шағынаудандарындағы 4 мыңға жуық тұрғындарын электрмен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі қатты тұрмыстық қоқыс тастау аймағында өндірістік қуаты 2 МВт құрайтын энергетика зауытын салу үшін кореялық «Седжин EGN Co» компаниясымен қалалық әкімдік арасында бірлескен меморандум жасалды.
Сауда саласында «Бозарық» саяжайында аумағы 10,0 га жерге Қазақстан мен Италияның бірлескен «Жібек – жолы Ақсарай» сауда орталығының құрылысын салу жоспарлануда. Құрылысты түркиялық «Джейлан Лимитед» компаниясы жүргізеді.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
2010 жылғы бюджетте ауыз су құбырының құрылысына «Жол картасы» және облыстық бюджеттің есебінен барлығы – 1 167,7 млн.теңге қаралған. Оның ішінде:
9 елді-мекеннің (Куйбышев, Достық Ақниет, Забадам, Сәуле, Бадам, Қазығұрт, Қайтпас-1, Қайтпас-2) шағынаудандарына су құбырын тартуға – 1063,8 мың теңге. Нәтижесінде 50 мыңға жуық халық орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Республикалық бюджеттің есебінен Бозарық, Бозарық -1,2,3, Асар, Достық, Қайнар-бұлақ және Тұран елді-мекендеріне магистралды су құбырын және магистралды кәріз коллекторының құрылысын бастауға - 50,0 млн.теңге қаралды.
Сонымен қатар, қалалық бюджет есебінен 17 елді-мкендерді сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ дайындауға (Нұртас, Қызылжар, Жайлау, Жиделі, Ақтас, Шаңырақ, Азат, Турлан, Тұран, Солтүстік-Шығыс, Шапағат-2, Қаражол-1, Самала-3, Бозарық, Бозарық-1,2,3, Достық, Құрсай) 79,7 млн.теңге қаралған. Бұл жобалардың құрылыс жұмыстарын келесі жылдың бюджетіне ұсынылуда.
Электр жүйелерінің құрылысына барлығы – 783,2 млн.теңге қаралған.
Республикалық бюджет есебінен:
- «Самал-1,2» шағынаудандарындағы электрмен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысына – 297,0 млн.теңге қаралып, есепті кезеңде 252,1 млн.теңге игерілді.
- «Самал» подстанциясының құрылысын аяқтауға 64,3 млн.теңге қаралып, есепті кезеңде толығымен игерілді.
- 13 елді-мекенде электр желсінің құрылысы бойынша ЖСҚ дайындауға – 59,3 млн.теңге, Самал-1,2,3, Шұғыла шағынаудандарына ішкі электрмен жабдықтау үшін 110/10 кВ Самал подстанциясынан шығатын КЛ-10 кВ құрылысының ЖСҚ дайыдауға – 4,0 млн.теңге, Достық шағынауданындағы су тартқыш станциясына электр желісін тарту бойынша ЖСҚ дайындауға 3,0 млн.теңге қаралды. Бұл жобалардың құрылыстары да келесі жылдардың бюджетіне ұсынылуда.
Қала шаруашылығын қамтамасыз ету
Ағымдағы жылы бюджет қаржысы есебінен Абай, Орталық, Жеңіс, Металлург саябақтарында қайта құру жұмыстары жүргізілді (жарық шамдарын және скамейкалар, урналар орнату).
Өздерңізге белгілі, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаланың сәулет-келбетін жақсарту мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылды:
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан Қызғалдақ бейнесіндегі су бұрқағы (фонтан) ашылды.
- Абай саябағында Даңқ мемориалы;
- Көл аумағында Неке Сарайы және Шәмші Әлемі ашылды;
- Ордабасы алаңында Тәуелсіздік монументі;
- Жібек жолы көшесі бойында Т.Рысқұлов ескерткіші;
- Момышұлы көшесі бойында Студенттер алеясы ашылды тағы басқа да.
Қаланы жарықтандыру жұмыстарына 2010 жылғы бюджетте барлығы -180,0 млн. теңге қаралған. Көлік құралдарына және жаяу жүргіншілерге, қаланың кешкі уақыттағы келбетін жақсарту мақсатында 44 көшеде 8122 жарық нүктелері, 13 гүлзардың сыртқы жарық шамдары, 32 ғимаратты сыртқы жарықтандыру, «Көл» аумағында 19 прожектордың, ғимараттардың шатырларындағы 5 әлеуметтік жарнамалардың жұмыстары қамтамасыз етілді.
Қалада 48 көше бойындағы түнгі жарық шамдарын қайта құруға – 210,0 млн.теңге қаралып жұмыстар жүргізілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бастамасымен, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекттік университетінің және «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Регионалды технопарк» атсалысуымен Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды.
Кәсіпкерлікті қолдау орталығы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (әрі қарай- «Даму» қоры) бастамасымен, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекттік университетінің (әрі қарай – ОҚМУ) және «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Регионалды технопарк» атсалысуымен Оңтүстік Қазақстан облысында ашылған болатын.
Бүгінгі күні «Даму» қоры «Кәсіпкерлікті қолдау Орталықтарын құру» Бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Оған сәйкес, Қазақстанда халықаралық, өңірлік және аудандық деңгейдегі кәсіпкерлікті қолдау Орталықтарын құру көзделген. «Даму» қоры мұндай орталықтарды құру туралы шешімді еліміздің барлық өңірлерінде 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасының нәтижелерін сараптағаннан кейін қабылдап отыр.
Кәсіпкерлікті қолдау орталығы құрудағы мақсат – кәсіпкерлерге кешенді түрде ақпараттық және консалтингтік қызмет көрсету, сонымен қатар, тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға, өңірлік кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету. «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасының шеңберінде жүргізілген маркетингтік зерттеу барысында респонденттердің 94,5%-дан астамы Кәсіпкерлікті қолдау орталығы қажет, олардың қызметі өте үлкен сұранысқа ие болады деген пікір білдірген.
Кәсіпкерлікті қолдау шеңберінде Кәсіпкерлікті қолдау орталығы келесідей қызмет түрлерін көрсетеді:
• консультациялық қызметтер: бизнесті құру және жұмыс істеп тұрған бизнесті оңтайлы жүргізу бойынша консультация, қаржылық және заңгерлік кеңес, сыртқы нарықта бизнес жүргізу мен дамыту бойынша ұсыныстар мен кеңес беру;
• қызмет, тауар түрлерін ұсынатын және оларды тұтынушы кәсіпорындардың бірегей мәліметтер базасын қалыптастыру;
• маркетінгтік зерттеулер жүргізу;
• жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен бизнес құруға талпынып отырған жандардың біліктілігін артыруға бағытталған оқыту курстарын, тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу.
Кәсіпкерлікті қаржылай емес құралдармен қолдаудың инфрақұрылымы бизнесті жүргізу процесін жеңілдетуде (бухгалтерлік есептеме жүргізу, заң тұрғысындағы кеңес беру, ақпараттық технологиялармен жұмыс тәрізді көмек шаралары арқылы) ғана емес, сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің сапасы мен тиімділігін арттыруда да (оқыту, білікті кеңес беру арқылы) маңызы зор. Мұндай инфрақұрылымды дамыту кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында өзара тиімді байланысты қалыптастыруға да жол ашады.
Кәсіпкерлікті қолдау орталығы мына мекен жайда орналасқан: Шымкент қ., Тауке хана даңғылы, 5 (Шахан сауда үйі жанында), сымтетік нөмері: 8/7252/21-41-55.
Сонымен қатар, Кәсіпкерлікті қолдау орталығы жайлы толық мәліметтерді «Даму» қорының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалы арқылы мына мекен жай бойынша хабарласуыңызға болады: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Қонаев гүлзары, бизнес-орталығы «Алтын - Орда», 3-ші қабат, сымтетік нөмері: 8/7252/54-94-02, факс: 8/7252/ 53-59-99