Ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29        

АЙТЫЛҒАН СӨЗ...  
"Жемқорлықпен күресте жаңа стратегия жасақтау қажет. Парақорларды анықтап, оларды сотқа тарту шараларымен шектелмей, жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді қолдану керек. Жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға қоғамды мейлінше көп тарту ләзім. Біз тек мемлекеттік қызметкерлердің кірісін ғана емес, шығыстарын да рәсімдеуге көшуіміз керек. Осы мәселеге байланысты арнайы заң шығару қажет және Үкіметке 3 айдың ішінде кешенді жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жасап шығуды тапсырамын. " 
            Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан. Астана, 27 қаңтар, 2012 жыл. 







ҚР Үкіметінің ресми сайты

ҚР Электронды Үкіметінің ресми сайты

ҚР Президентінің ресми сайты



Қала әкімі

Қымбатты шымкенттіктер және шырайлы қаламыздың қонақтары! Құрметті сайтқа келушілер!

   Сіздермен Шымкент қаласы әкімінің веб-сайтында қауышқаныма қуаныштымын!
   Бүгінгі Шымкент – 620 мыңнан астам халқы бар, республиканың қуатты қаржылық, инновациялық, мәдени орталығы және Қазақстанның тұрақты даму сатысындағы ірі мегополистердің бірі.
   Біз, шымкенттіктердің мақтанатын жағдайымыз бар. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентті еліміздегі үшінші қала мәртебесіне лайық деп танып, облыс орталығының перспективалық дамуы аясында бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Міне, 2015 жылы қала халқының санын миллионға жеткізуді межелеп отырмыз, бұл үшін әрбір шымкенттік тұрғындардың өмірі жайлы әрі қауіпсіз болуы тиіс. 
   Шымкент - мемлекетіміздің өндірістік қарқындылығын арттыруда айырықша үлес қосатындықтан  экономикалық даму саласында маңызды рол атқарады. Сонымен қатар, мақта-тоқыма, фармацевтикалық және мұнай өңдеу кластері аясында жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өнім өндіретін қала ретінде еуразиялық континеттегі  халықаралық транзиттік орталықтың біріне айналуға мүмкіндігі зор.  «Батыс-Еуропа-Батыс-Қытай» халықаралық күре жолының Оңтүстік Қазақстан аумағындағы құрылысы Шымкенттің тиімді бизнес-орталыққа айналуына және кеңейтілген серіктестік қарым-қатынастар орнатуына жол ашады. Сондай-ақ, қаладағы жаңадан құрылған индустриялық аймақта заман талабына сай өнеркәсіп орындары жүзеге асырылуда.
   Ақпараттық технологияның ағымы өміріміздің шындығына айнала бастаған тұста ежелгі бай тарихы бар Шымкенттің қазіргі экономикалық және мәдени өзгерістері туралы білуге  қала әкімінің интернет ресурсы арқылы қол жеткізуге болады. Біз өз сайтымызды ашу арқылы қаланың анық әрі айшықты ақпараттары мен жергілікті биліктің қызметін әлемдік ғаламтор жүйесінде таратуды мақсат еттік. Қала басшысы ретінде мені қуантатын жәйт, сайтқа келушілердің бір легі  қалада іске асып жатқан іс-шараларға барынша назар аударып, пайымды түсініктеме қалдырып жатса, енді бірі қаланың жетістіктеріне қуанып, кемшіліктеріне жаны күйзеледі.
   Жұмыс барысындағы уақыттың тапшылығы Сіздермен барлық уақытта тікелей байланыс орнатуға ырық бермейді. Алайда, веб-сайтттағы виртуалды қабылдау арқылы Шымкенттегі мәселелердің жедел әрі айқын шешілуіне мүмкіндік бар деп үміттенемін. 
   Құрметті сайт қонақтары! Біз әрдайым сіздердің ой-пікірлеріңіз бен  ұсыныстарыңызды қабылдауға әзірміз. Біз үшін қай мәселедегі болсын әрбір үн қатулар мен ұсыныстар аса маңызды.

Арман Жетпісбаев, Шымкент қаласының әкімі. 

 

Биографиялық анықтама


:: Соңғы жаңалықтар
Әкім тегін өзгертті
22 ақп 2012 | Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«ДАМУ-КӨМЕК» бағдарламасы аясында демеушілік көмек көрсетілді
22 ақп 2012 | Қ.ИСЛАМҚЫЗЫ, "Шымкент келбеті"
Бадам өзенінен қауіп байқалмайды
22 ақп 2012 | Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ОҚО-ның Темірлан ауылындағы 350 үй судың астында қалды
22 ақп 2012 | ҚазАқпарат
Ежелгi Қалаға 2200 жыл толды ма?
21 ақп 2012 | "Оңтүстік Қазақстан" газетінің сайтынан алынды













Толығырақ...



:: Сауалнама
ҚР Президентінің халыққа арнаған биылғы Жолдауының орындалуынан не күтесіз?
Әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа көріністері
Зейнетақы жүйесіндегі өзгеріс
Қолжетімді баспаналы болу мүмкіндігі
Білім берудің заманауи әдістерін енгізу
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалылығы
Rambler's Top100 Рейтинг@Mail.ru Яндекс цитирования
Сайт әкімгерлігі
"ШК", "ПШ" газеттерінің" ЖШС
Сайтты өңдеп отырған
"М-Дизайн" компаниясы